Катонқарағайдағы дәрігерлер татарстандық мамандардың ескертуіне құлақ асты ма?
29 шілдеде Катонқарағай ауданына консультативті және тәжірибелік көмек мақсатында Татарстан республикасынан бір топ дәрігерлерлер келген болатын
Олар аудандағы екі аурухананың жағдайымен танысып, бүгінгі коронавирустық инфекцияға байланысты аудан дәрігерлеріне бірқатар ұсыныстар мен нұсқаулар берген.
Сондай-ақ, Сәуле Исақызы денсаулық сақтау мекемесінде қазіргі таңдағы пандемия кезінде науқастарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмек қоры және құрал-жабдықтар толығымен бар екендігін, екі ай уақыт ішінде ауданда коронавирус инфекциясынан 115 адамның емделіп шыққандығын жеткізді.
Следующая →
- Аталмыш делегация құрамында рентгенолог, оташы, эпидемиолог және инфекционист дәрігер болды. Олар Covid-19 диагнозы бар адамдарды емдеу және диагностика көрсету, сондай-ақ, науқастар мен медициналық персоналдың қиылысуын болдырмау үшін ауруханадғы құрылымдық бөлімдерді "таза" және "лас" аймақтарға бөлу тәртібі бойынша ұсыныстарын білдірді. Одан бөлек аурухана бөлімдерін аймақтарға бөлу бойынша жоспар құрылды. Мәселен, рентген бөлмесіне коронавирустық инфекцияға шалдыққандар немесе осы ауруға күдікті науқастарға арналған бөлек кіріп-шығу есіктерін, клиникалық белгілері бар науқастар үшін буферлік аймақ, сонымен бірге №1 және №2 коронавирустық инфекция бөлімшелерінің кіреберісіндегі "таза" және "лас" аймақтар арасында шлюздер жасау қажет, - деді аудандық орталық аурухана бас дәрігері Сәуле Байгереева.Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің айтуынша, аталған ұсыныстар бойынша бүгінде жұмыстар атқарылуда. Рентген бөлмесіне изолятор арқылы бөлек кіруге болады, ол өз кезегінде науқастар мен медицина қызметкерлерінің қозғалысын қиылыстырмайды. Осылайша, дәрігерлердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырғандығын жеткізді бас дәрігер. Сондай-ақ, №1 және №2 коронавирустық инфекция бөлімшелерінің кіреберісіндегі "таза" және "лас" аймақтар арасындағы шлюздер алдағы қыркүйекте жасалынатындығы айтылды.
Сондай-ақ, Сәуле Исақызы денсаулық сақтау мекемесінде қазіргі таңдағы пандемия кезінде науқастарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмек қоры және құрал-жабдықтар толығымен бар екендігін, екі ай уақыт ішінде ауданда коронавирус инфекциясынан 115 адамның емделіп шыққандығын жеткізді.