Мердігерден сапаны талап етеміз
Жылыту маусымы басталғанша Аягөздегі орталақ қазандыққа қарасты жылу трассасының құрылыс жұмыстарын жақсарту жөнінде мердігер компанияға тапсырма берілді
Бұл туралы аудан әкімі Сейілбек Ысқақов өзінің фейсбуктегі парақшасына жазды.
Әкімнің айтуынша, тұрғындардың өтініші бойынша ашық жатқан газгольдер қоймаларының орнына болашақта балалар ойын алаңы тұрғызылады.
Следующая →
Әкімнің айтуынша, тұрғындардың өтініші бойынша ашық жатқан газгольдер қоймаларының орнына болашақта балалар ойын алаңы тұрғызылады.
- Жол құрылысына жауапты мердігерлермен кездесіп, суағарлар қою жөнінде талқыладық. Бірақ ол жобалық сметада көрсетілмеген. Алдағы уақытта жауын-шашынның, судың екпініне қарай жол бойына арықтар қойылатын болады. Мердігерлерден бірінші кезекте сапаны талап етеміз. Атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы менің жіті бақылауымда болады, әр жұмыстың сапасына мән беретін боламыз, - дейді аудан басшысы.
Тақырыптар:
құрылыс жұмыстарын жақсарту жөнінде мердігер