Өскемен қаласының құтқарушылары көпбалалы отбасыларға мектепке қажет оқу құралдарын алуға көмектесті
Қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен "Жас Отанның" еріктілері "Мектепке жол" республикалық акциясына қатысуда
"Мектепке жол" акциясы - аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен жетім балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу үшін жасалады.
Биыл Өскемен қаласының құтқарушылары мен ШҚО "Нұр Отан" партиясы құрамындағы "Жас Отанның" еріктілері Нұғымановтар мен Жұртбаевтар отбасыларына көмектесті. 11 және 12 жастағы қыздар үшін олар мектепке қажет нәрсенің бәрін сатып алды.
Следующая →

- Біз бұл акцияға жыл сайын қатысамыз, бұл біздің ұжымның және белсенділердің, Шығыс Қазақстан облысы "Нұр Отан" партиясы құрамындағы "Жас Отан" еріктілерінің игі дәстүрі. Жыл сайын акцияға қатысушылардың саны артып келе жатқаны қуантады, - деді Өскемен ТЖ басқармасының баспасөз қызметі.