Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жүгерінің егіс алқабы артты

Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын жүгері мен сояның егіс алқабын арттыру арқылы өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорттын көбейту жоспарланып отыр

Былтыр жүгері алқабы 6,9 мың гектарды құраса, осы жылы 8,9 мың гектарға жетті. Бұл туралы ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Владимир Гайламазян айтып берді. 

- 2019 жылы жүгері алқабы 6,9 мың гектарды құраса, осы жылы 8,9 мың гектарға жетті. Негізгі аудандарды атап көрсетсек, Үржарда – 4 мың гектар, Шемонаихада – 1,8 мың гектар, Бородулихада – 1,4 мың гектар және Глубокое ауданында – 1,3 мың гектар. Яғни, биыл өткен жылмен салыстырғанда 3 мың гектар өсім бар. Ал соя 6,2 мың гектарға егілді. Жалпы өңірімізде соя мен жүгерінің егіс алқабын арттыруға бағытталған аймақтық бағдарлама құрылған. Жоспар бойынша алдағы 2 жылдың ішінде дәндік жүгерінің алқабы 15-18 мың гектарға дейін арттырылмақ. 2025 жылға дейін соя алқабы 30 мың гектарға жетеді деп көзделіп отыр, - деді ол.

Владимир Гайламазянның айтуынша, аймақтық бағдарламаның негізгі мақсаты – малды жоғары сапалы жем-шөппен қамтамасыз ету және өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару. 
- Мысалы көрші Қытай елі жыл сайын 98 млн тонна сояны, 12-15 млн тонна жүгеріні импорттайды. Бұл біз үшін үлкен нарық. Сондықтан соя мен жүгері өсірудің қыр-сырын түсіндіру мақсатында қалалар мен аудандардағы әкімдік қызметкерлеріне және өңірдің ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне арналған семинар-тренингтер өткізілуде. Қатысушылардың өтініші бойынша осындай шаралар биыл да жоспарланған, - дейді ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
Следующая →