Өскемен
пасмурно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +10°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +18°
$
451.27
489.13
¥
62.69
4.87
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Қайролданова
Ақпарат көзі:
Устинка

Катонқарағай ауданында "алыптың ізі" қалған

Катонқарағай ауданындағы Маралды ауылының шығысына қарай 3 шақырым жерде орналасқан гранитті жартас бар. Оның ерекшелігі - таста адамның бес саусағына ұқсайтын із қалған

Иә, расымен де, кәдімгі адамның оң алақаны іспетті. Тіпті, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жұмысшылары әр саусақты өлшеп шыққан екен. "Бас бармақтың" ені - 60 см, ұзындығы - 160 см, "балаң үйректің" ені - 80 см, ұзындығы - 309 см, "ортан теректің" ені - 70 см, ұзындығы - 330 см, "шылдыр шүмектің" ені - 80 см, ұзындығы - 260 см, "кішкене бөбектің" ені - 75, ұзындығы 250 см.

Бұл іздің қашан және қалай пайда болғаны белгісіз. Бірақ ел ішінде түрлі болжам, ойлар айтылып жүр. 
- Мұндай ғажайып табиғат әсерінен пайда болды дегенге сену қиын. Бұл неолит дәуірінің мүсіншілері - сол баяғы петроглифтердің еңбек жемісі болуы да мүмкін. Болжам бойынша, жартастағы саусақтар, құпиясы жоғалып кеткен тас жұмсартушы қышқылды қолдану арқылы салынған, - деп жазылған аудан әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жартастағы ізде олардың буындары толығырақ және ұштары жіңішке, сонымен қатар ер адамның қол ізінен 35 есе үлкен. Ал Канададан келген саяхатшылардың бірі оның отанында да жартаста дәл осындай, тек сол жақ алақанның ізі бар екенін айтқан екен.

Ғажап... Сыр мен құпияға толы Катонқарағай өлкесі осындай таңғажайып нысандарымен қызықтырады. Шынымен, бұл “Бес саусақ” нені білдіреді екен? Миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген алыптың алақан ізі емес пе екен? Сіз қалай ойлайсыз?
Следующая →