Өскемен оқу жылының басталуына тас-түйін дайын
Облыс орталығы 1-ден 4-ке дейінгі оқушылар кезекші сыныптарда оқуы керек деп мәлімдеді
Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар мектептегі білім беру тақырыбына арналған соңғы брифинг барысында айтты. Мұндай оқу шарттарының бірі: бір кезекші топта - 15 адамнан аспауы керек. Сабақтар санитарлық нормаларға сай өтеді.
Следующая →
- Қала мектептерінің жобалық қуаттылығы 1-ден 4-ке дейінгі барлық оқушыларды қабылдауға және барлық 17 мың балаға кезекші топтар ұйымдастыруға мүмкіндік береді, - деді Өскемен қаласы білім беру бөлімінің бастығы Сәуле Алагөзова. - Олар санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылады, әр топта 15 оқушы оқытылады. Әр екінші сабақтан кейін сыныпты кварцтеу, желдету, жуу жұмыстары өтеді. Бетперде тағу режимі сақталады. Ол үшін біз барлық балаларды бірнеше рет қолданылатын бетперделермен қамтамасыз етеміз.Кезекші топтар балабақшаларда да жұмыс істей бастады. Бүлдіршіндерді осындай топқа тағайындау үшін ата-аналардың өтініштері қажет. Бүгін Өскеменде 41 балабақша ашылды, онда 2022 бала орналасқан. 1 қыркүйектен бастап облыс орталығындағы барлық балабақшалар өз есігін айқара ашады.
Тақырыптар:
Начало учебного года Дистанционное обучение Коронавирус в ВКО Аким Усть-Каменогорска Жаксылык Омар