Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да праймеризге өзін-өзі ұсынған тіркелушілер көп

Қазақстанда 17 тамыздан бастап Nur Otan партиясының праймеризіне кандидаттарды тіркеу басталды

Үш күннің ішінде Шығыс Қазақстан облысында 309 адам тіркеліп үлгерді.

 Оның ішінде 43% әйелдер, 26% жастар құрайды. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Nur Otan партиясының ШҚО бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков мәлім етті.
- 309 адам тіркелді. Оның ішінде 206-сы өзін-өзі ұсынушылар. Бізді партияластардың белсенділігі қуантты. Басты мақсат - мүмкіндігінше көп адамдарды тарту болатын. Бізге 1200-ден астам қоңырау келіп түсті. Әлі де телефон шалатындар қатары жалғасуда. Меніңше, кандидаттардың саны бұдан да көп болады, - деді Олег Чугунков.

Кандидаттарды тіркеу 28 тамызға дейін жалғасады. Кейін кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, дебат ұйымдастырып, дауыс жинайды.

Жалпы, қазіргі уақытта ашық және шынайы ішкі партиялық сайлауды өткізуге барлық жағдай жасалған. Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, ең бастысы, бәсекеге қабілетті барлық қатысушы арасындағы  тең құқықты сақтау. 

- Праймеризге партия мүшелерінен бөлек, еліміздің дамуына үлес қосқысы келетін әрбір белсенді азамат қатыса алады. Праймериз актуальды мәселелерді қозғап, оны шешуге бағытталып отыр. Сондықтан біз шынайы көшбасшыларды көргіміз келеді, - деді Олег Чугунков.

Праймеризге қатысу ережелері туралы толық ақпаратты nurotan.kz және primaries.kz сайттарынан көруге болады.
Следующая →