Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Тұрғын үй құрлысы жандануда

Биыл Жарма ауданында тұрғын үй құрлысын салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Шар қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында екі  пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті.

- Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" бағдарламасы ауданымызда табысты жүзеге асып келеді. Бүгінде мемлекеттік бағдарламаның аясы кеңейіп, тұрғын үй мәселесі күрделі болып келген Шар қаласында жалғасын тауып отыр. Яғни, бұл салада тәжірибесі мол жеке кәсіпкер Динара Исабаева қалада екі пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысын бастап кетті. Оған инфрақұрылым тартуға ыңғайлы қажетті жер телімі бекітіліп берілген болатын. Бүгінде үш бірдей баспананың іргетасы қаланып, құрылыс ерекше қарқын алды. Мердігер барынша ауарайының қолайлылығын пайдалана отырып, қазан айында жаңа баспаналарды халық игілігіне қолданысқа беруді жоспарлап отыр. Осылайша қаланың коммуналдық тұрғын үй қорын ұлғайта отырып, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тізім бойынша берілетін болады, - дейді Жарма ауданының әкімі Ақметқали Нұрғожин. 
Следующая →