Мектеп жөндеуден өтті
Бесқарағай ауданында Глуховка орта мектебіне жүргізілген жөндеу жұмыстары бүгінде толық аяқталды. Бұған дейін мектептің есік-терезелерін ауыстыру туралы ата-аналар тарапынан ұсыныстар түскен болатын
Жөндеу жұмыстары аяқталған оқу орны енді оқушыларды қабылдауға сақадай сай. Бұл туралы аудан әкімі Шалқар Байбеков жазды.
Следующая →
- Глуховка орта мектебінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмысқа деген көзқарас пен жұмыстың оң нәтижелері мені қуантты. Бүгінгі күні ғимараттың есіктері мен терезелерін жаңарту және жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Барлығы 42 есік және 457,2 шаршы метр. терезе орнатылды. Бұл шаралардың барлығы білім беру мекемелерін жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған. Үш қабатты ғимарат бүгінде өз оқушыларын қарсы алуға дайын. Бүгінде олардың саны - 360. Оқушылар қашықтан білім аласа да, біз барлық қажетті жағдайларды жасауымыз керек, - дейді Шалқар Байбеков.
Тақырыптар:
Бесқарағай ауданында Глуховка орта мектебі