Өскемендегі 23-ші шағын аудан тұрғындары неге жаппай жиналды?
Жанайқайы ешкімге жетпеген тұрғындардың амалы таусылған
№ 23 микроауданның тұрғындары карантин талаптарын бұзып, жергілікті билік өкілдеріне наразылық білдіруге көшеге шықты. Таусылмас жыр - шам жарығы, жол және ауданға автобус қатынамайтындығы жұрттың зығырданын қайнатқан.
Тұрғындардың айтуынша, Өскемен мен Қасым Қайсенов кентінің ортасында орналасқан №23 шағын ауданындағы жол сапасы сын көтермейді. Нашар жолдың кесірінен автобустар да аз жүреді. Карантиндік шектеулерге байланысты қалалық автобекет жабылып, Өскемен-Қасым Қайсенов бағытындағы автобус жүрмей қалған соң, тұрғындардың ары-бері қатынауы мүлдем қиынға соққан.
«Өскемен қаласы Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС-нің директоры Әби Әлменбетовтің айтуынша, жол жөнделген соң автобус кестесі жаңарады.
Ал тұрғындардың айтуынша, олар аталмыш басқармаға бірнеше рет арыз, шағым түсірген.
Тұрғындардың айтуынша, Өскемен мен Қасым Қайсенов кентінің ортасында орналасқан №23 шағын ауданындағы жол сапасы сын көтермейді. Нашар жолдың кесірінен автобустар да аз жүреді. Карантиндік шектеулерге байланысты қалалық автобекет жабылып, Өскемен-Қасым Қайсенов бағытындағы автобус жүрмей қалған соң, тұрғындардың ары-бері қатынауы мүлдем қиынға соққан.
- Жиырма жылдан бері шартарапқа жар салып, тіпті «Казахстанская правда» газетіне жаздық, бірақ біздің өзекті мәселелеріміз әлі күнге дейін өз шешімін тапқан емес, - деді №23 микроауданның тұрғыны Виктор Николаевич. - Ең алдымен, әрине, жол мәселесі. Кедір-бұдыр, аяқ алып жүргісіз, көлікпен жүру өте қиын. Қашан жөнделеді сонда? Автобус та анда-санда зарықтырып бір келеді. Сүмірейіп күтіп тұрғаның. Бұл ауданда 6000-нан астам адам тұрады, оның ішінде 400-і – бала. Меновное орта мектебінің өзінде 30-дан артық бала, қалғандары қалада немесе Қасым Қайсенов кентінде оқиды. Олар автобустың кесірінен сабақтарына үлгермей жүреді. Көшелер түнде қап-қараңғы, неге билік өкілдері электр желісін тартып, шам орнатпайды? Істеймін деген адамға өте қиын шаруа ма бұл?
Бұған қоса шағын ауданда қоқыс уақтылы шығарылмайды екен. Жиналып қалған қоқыстың маңынан жағымсыз иіс мүңкіп, шібін-шіркейдің ордасына айналатын көрінеді.
- Үкімет халықтың жағдайын жасау керек, себебі біз қаншама салық түрлерін төлейміз, мұны атап айтудың өзі ерсі, бәріне белгілі ғой. Егер үкімет халықтың жағдайын жасаса, халық бәрін істейді. Сананы билейтін – тұрмыс, амалсыз көшеге шығып, наразылық білдіруге мәжбүрміз. Осыншама халық тұратын жерге балабақша мен мектеп салып, жарықтандырса, сапасыз жолды жөндесе, мұншама айқай-шу болар ма еді? Мысалы, сақылдаған сары аязда мектепке асыққан кішкентай оқушылар жолай өткен көліктерге қол көтеріп тұрады. Неге? Өйткені автобус жоқ. Ал қазіргі уақытта балалардың із-түссіз жоғалып кету жағдайы жиі қайталануда. Бұған кім жауап береді? - деді шағын ауданның тұрғыны Алтынай Наурызбайқызы.Наразылық орнына алдымен жеткен Өскемен қалалық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ринад Ахметжанов карантиндік шектеу шаралары кезінде көп адамның бір жерде жиналмауы керектігін айтты.
- Қазіргі пандемия кезінде адамдарға бір жерде шоғырлануға болмайды. Бұл сіздердің сұрақтарыңызға мүлдем қатысы жоқ басқа мәселе. Сіздер сұрақтарыңыз бойынша қалаған уақытта маған хабарласуларыңызға болады, - деді ол.Ал тұрғындар әкімдіктегілерге хабарласу тұрмақ, кабинеттеріне кіру мүмкін еместігін айтады.
«Өскемен қаласы Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығы» ЖШС-нің директоры Әби Әлменбетовтің айтуынша, жол жөнделген соң автобус кестесі жаңарады.
- Қазіргі уақытта 23-ші шағын ауданға №253 микроавтобусы қызмет көрсетеді. Күніне төрт сағат – екі рет таңертең және екі рет кешке жүреді. Ай сайын біз автобустағы жолаушылар санының анализін жүргіземіз, егер де жолаушылар саны көбейсе, біз де автобустардың жүру уақытын көбейтеміз, - деді ол.«Алты мыңға жуық тұрғыны бар шағын ауданға күніне 4-ақ рет жүретін автобус жете ме? Олар таңертең және кешке ғана жан-жаққа қатынай ма екен?» деген орынды сауалға Әлменбетов: «Жетпесе, біздің басқармаға өтініш жазсын. Бізде де көлік саны шектеулі», деп қысқа қайырды.
Ал тұрғындардың айтуынша, олар аталмыш басқармаға бірнеше рет арыз, шағым түсірген.
- Жол кестесін жаңарту үшін алдымен жол жөнделуі керек. Әйтпесе жүргізушілер жаман жолмен жүруге келіспейді, - деді Әби Әлменбетов.
Следующая →