Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Шетелден әкелінетін сүт өнімдері енді шығыстың өзінде өндірілетін болды

ШҚО-да йогурттың жаңа түрі өндіріліп, жұмсақ және қатты ірімшік, сондай-ақ піскен сүт өнімдерінен дәстүрлі емес өнімдер шығарылады

Бұл  көрші өңірлерден  импортталатын өнімдердің нарықтағы тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстандағы сүт шаруашылығы соңғы жылдары қарқынды дамуда. Сөйтіп, еліміздегі сүт тауарларын шығару ісі бойынша көшбасшы атануға мүмкіндік берді.
Біздің өндірушілердің тауарлары Шығыс Қазақстанда ғана емес, басқа өңірлерде де, Алматы мен Нұр-Сұлтанда сатылымға шығарылып, тұтынушылардың көңілінен шықты. Соңғы бес жыл ішінде халықтан сүт жинау 17 есеге артып, табиғи эквивалент көрсеткіші 13 есеге көбейді. Мұндай көрсеткішке қол жеткізуге сүт-тауарлы салаға құйылған  тұрақты инвестиция септігін тигізді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, биыл өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың 87% 153 мың тонна сүт өңдейді деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бес жыл бұрын жинау 29% болған.

Тұрғындармен сауатты жұмыс жүргізіліп, сүт кооперативтері құрылып, заманауи және классикалық үлгідегі сүт-тауарлы фермалар құрылып, жоғары технологиялық құралдар енгізілген соң бұл көрсеткіщ 3 есеге артты. Бүгінде сүтті мал ұстау тиімді екенін халық ұқты.

Жүргізілген талдаудың нәтижесінде 22 миллиард теңге халықтың қажеттілігін жабуға жетпейтіні анықталды. Өйткені дүкен сөресінде жергілікті өндірушілердің өнімдерімен қатар көршілес аймақтар мен Ресей Федерациясынан келген өнімдер толып тұр. Сондықтан басты міндет йогурт пен ірімшіктің түрлерін өндіруді арттыруға әкеп тіреледі. Басқа өнімдерді орташа есеппен 15 миллиард теңгеге. Бұл үшін жыл сайын қосымша 228 мың тонна сүт пғн өңдеу ісінің көлемін екі жарым есеге арттыру керек.

Көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін бес жыл бұрын қолға алынған міндетті естен шығармау қажет. Сүт-тауарлы фермаларды салуға көңіл бөлінуі керек. Мәселен, биыл 2 СТФ (алдағы уақыттп 6 СТФ) салынды. Жоспарға сәйкес 5  сүт қабылдау пунктінің 4-і ашылды.

 Шығыс Қазақстанда сүтті бағыттағы ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағдарламасының көрсеткіші жаман емес. Өңір жоғары сапалы табиғи сүт өнімдерімен өңір тұрғындарын ғана емес, Қазақстанның өзге облыстарын  да қамтамасыз ете алады.
Следующая →