Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстанда жыл сайын тұрғын үй кезегі азайып келе жатыр

Бұл мемлекеттік бағдарламалардың жемісі. Соған байланысты жыл сайын жүз мың шаршы метр жер пайдалануға берілуде

Ағымдағы жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 30 жылда бірінші рет Шығыс Қазақстандағы Катонқарағай ауданында жеті көпқабатты тұрғын үй салынуда. Осы мақсатта 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Көпқабатты тұрғын үйдің құрылысына қажетті қаржының бөлігін инвесторлар жабады. Нәтижесінде көпбалалы отбасылардың баспана мәселесі шешіледі.

Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жаңа жұмыс орнын ашуға, көпбалалы отбасылардың баспаналы болуына мүмкіндік береді. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтің айтуынша, ағымдағы жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысындағы 562 көпбалалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Жалпы, өңірдегі тұрғын үй құрылысы жыл сайын қарқынды жүргізілуде.

Мердігерлердің жұмысына бақылау күшейтілді. Ағымдағы жылы 77 үй қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.Құрылыс 118 аумақта жүргізілуде. Бұл алты жарым мың пәтерді құрайды. Алдағы екі жылда 93 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Биылғы және келесі жылғы есепті ала отырып, облыстық билік барлық қаржы көздерін тартып,  бір миллион шаршы метр тұрғын үй салмақ. Мұндай көрсеткіш еліміз тәуелсіздік алғалы бері ШҚО-да болмаған.

Көпқабатты тұрғын үй салудан бөлек, Өскемен мен Семейдегі инженерлік-коммуналдық желілер тартылған аумақтарға да жеке құрылыс салуға көңіл бөлінуде. Осы мақсатта тұрғын үй кезегінде тұрған жандарды қолдауға мүмкіндік жасалуда. Өңірдегі екі ірі қалада "Бірқабатты Шығыс" жобасы жүзеге асырылуда. Отбасы тұрғын үйдің жобасына қиналмай, билік өкілдері ұсынған бірнеше жобаның біреуін таңдай алады. Бұл  тұрғын үй кезегін азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде өңірімізде жеке және көпқабатты тұрғын үйлер салуға барлық жағдай жасалған.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Тұрғын үй Кезек