Катонқарағайдағы Жамбылда жаңа мешіт салынып жатыр
Катонқарағай ауданындағы Жамбыл ауылындағы бұрынғы автобекет ғимараты алдағы уақытта ауылдық мешіт ретінде қайта жанданбақ
Аудан әкімдігі шалғайдағы Жамбыл ауылында бүгінде игілікті істер көптеп қолға алынып жатқанын мәлімдеді. Бұндағы жергілікті тұрғындар туған ауылдарының абаттандырылуы мен басқа да күнделікті ішінара мәселелерді шешуде бар ауыртпалықты бір ғана округ әкімшілігіне жүктемей, ауылының қоғамдық өміріне өздері де мүмкіндігінше белсене араласатын көрінеді.
Оған жарқын дәлелдердің бірі - Жамбыл ауылында жаңа мешіт пайда болмақ. Кеңес заманында салынып, кейін қаңырап бос қалған бұрынғы автобекет ғимараты алдағы уақытта ауылдық мешіт ретінде қайта жанданбақ. Елді мекендегі осындай сауапты істі қолға алуға бастама көтерген Жамбылдың тумасы Қуаныш Тоқышев дейтін азамат екен. Оған бұл істе жерлесі, бүгінде Өскемен шаһарында тұратын Нұржан Қасенов те қол ұшын берген.
Следующая →

- Қазіргі таңда ғимараттың іші-сыртын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, ішіне су тартылды. Жөндеу жұмыстарына ауылдың ер азаматтары жаппай көмек көрсетуде. Ауылдың бірлігі осыдан білінеді. Ауылымыздағы мешіт ашу бастамасын ауылдың аға буын өкілдері - ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жомартқан Абырайымов пен аналар алқасының төрайымы Күлдаш Әнуарбекова зор ілтипатпен қабылдап, бір ауыздан қолдап отыр, - дейді ауылдық округ әкімі Әлібек Аманов.