Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да 17 тамыздан ХҚО жұмыс уақыты ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігердің қаулысының негізінде 17-ші тамыздан бастап облыс бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты ұзартылды

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының ШҚО бойынша филиал директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, ХҚО жұмыс уақыты ұзартылғандықтан, күн сайын тұрғындарға ұсынылатын мемлекеттік қызмет саны да артпақ. 
- Біз жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырмыз. Қызмет алушылар халыққа қызмет көрсету орталықтарына кезекті бір апта бұрын брондау керектігін айтып шағымдануда. ХҚО жұмыс уақытын біртіндеп ұзарту арқылы осы мәселені тұрақтандырып, шығысқазақстандықтардың мемлекеттік қызметтерді алу қажеттілігін қамтимыз деп ойламын. Сондықтан ХҚО-ға бару уақытын жұмыс кестесіне сәйкесінше брондағаныңыз жөн, - деді Азамат Есембулов. 
Сондай-ақ, әлі де карантин жағдайы сақталғандықтан, ХҚО-да алдын-ала брондау арқылы және тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Ал электрондық қызметтер жеңілдік терезелерінде зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен көп балалы отбасылардың мүшелеріне ғана көрсетіледі.

Компьютерлері немесе интернеті жоқ азаматтар онлайн қызметтерді алу үшін әкімдіктер мен екінші деңгейлі банктерде орналасқан egov.kz бұрыштарын пайдалана алады. 

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі.

ХҚО-дың жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Сенбі 9.00-ден 15.00-ге дейін. 
Следующая →