Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Тоғас көшесіндегі жөндеу жұмыстары жеті күнде бітеді деп уәде етті

Бұл туралы "ЭлитЭнергоСтрой" ЖШС жобасының жетекшісі мәлімдеді. Осы уақытқа дейін мердігерлер тек асфальттің бір қабатын төсеп үлгерген

Өскемендегі Тоғас көшесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқалы төртінші жыл.
 
Құрылысшылар әлі 300 метр жолға бір қабат асфальт төсеуі керек. Сол 300 метр жердің шаңы көкке ұшып, жүргізушілерді кептелісте қалдырып, әбігерге салуда. Содан кейін ғана тас жол бойына бірақ, яғни, 2,6 шақырымға екі қабат жол жабындысын төсеу керек. Атқарылар шаруа көп болса да мердігерлер асығар емес.

- Понтон көпірінен түсетін бұл жолда көлік ағыны көп. 2017 жылы жолды төрт жолақты ету туралы шешім қабылданған. Бірақ мердігер төрт жыл бойы 2,6 шақырым жолды бітіре алмай келеді. Оған жалғыз себеп – жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы, - деп ойлайды қала әкімі Жақсылық Омар. - Енді жауын-шашын басталады. Жол үстіне тағы асфальт төселмей, қар жауып қалады. Тағы да зардабын тұрғындар тарта ма?

Жоба жетекшілері қаржылық қиындықтар мен карантинге байланысты жұмыстар мерзімінен кешіктіріліп жатқанын айтады.
- 2017 жылы жұмыстар тамыздан қарашаға дейін жүргізілген. Одан кейін жоба қайта жөндеуден өтті. 2019 жылы жұмыс қайта жанданды, - деп түсіндіреді жоба жетекшісі Евгений Проневич. – Биыл бордюр төсейтін үш бригада мен механизаторлардың бір бригадасының жұмысшылары коронавирус жұқтырып алды. Адамдар әлі де ем қабылдап жатыр.

Сонымен қатар, қаржылық қиындықтар да бар. Өйткені Евгения Проневичтің айтуынша, келісімшартта тапсырыс беруші тарапынан алдын ала төлем жасау қарастырылмаған.

- Қазір қаржы тауып, өзіміз 200 млн теңге салдық, - деп атап өтті ол.

Мердігер бір аптаның ішінде қалған 300 метр жолға асфальт төселетініне уәде етті.

Следующая →