Риддерде үш жасар қыз терезеден құлап кетті
Биыл бұл Шығыс Қазақстандағы көпқабатты үйлердің терезелерінен бала құлауының жетінші оқиғасы
Сәби екінші қабаттың терезесінен құлаған. Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қыз ағасының қарауында болған, бірақ ол бірер секундқа шығып кеткенде көшеге қарау үшін терезенің алдына барған. Масаларға құрылған тор бала қолдарының салмағына шыдамай жыртылып кетіпті...
Следующая →
- Пластикалық терезедегі масаларға құрылған торға сенбеу керек, өйткені оның ең сапалысы да баланың салмағына төтеп бере алмайды, - дейді құтқарушылар. - Балаларды қорғау үшін оларға терезе ашуға мүмкіндік бермейтін бірнеше сантиметрден артық арнайы бекіткіштер орнату керек.