Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Әділ Әуезхан
Ақпарат көзі:
Устинка

Бесқарағай ауданында алғашқы интернат ашылады

Әкімдік резиденциясын білім бөліміне берді

Аудан тарихында алғаш рет Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектептің жанынан шалғайдағы мектептердің балаларына арналған интернат ашылатын болды. Бұл туралы аудан әкімі Шалқар Байбеков инстаграм парақшасында мәлімдеді.

Бесқарағай ауданында 21 мектеп, 2 мемлекеттік және 2 жеке меншік балабақша, 2 қосымша білім беру мекемесі бар. Бұл интернат Бесқарағай ауылы, Елистратов көшесі, 8 мекенжайы бойынша орналасқан әкімдік резиденциясында орналаспақ.
- 2020 жылдың 5 тамызында мен Бесқарағай ауданы әкімдігінің резиденциясын "Бесқарағай ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беру туралы бұйрыққа қол қойдым. Ғимарат біздің ауданда интернат үшін барлық санитарлық нормалар бойынша қолайлы жалғыз ғимарат болып табылады. Жалпы ауданы - 280 шаршы метр, ғимарат толығымен қоршалған, бұл қосымша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді, - деді аудан әкімі.
Шалқар Байбеков айтқандай, бұрын бұл резиденция ауданға келген қонақтарды қарсы алуға арналыпты. Бірақ соңғы 9 айда бұл жерде ешқандай да кездесулер өткізілмекті.

Жалпы білім беретін мектеп жанынан интернат ашу, тиісті білім беретін мектептері жоқ және халық саны аз елді мекендерде тұратын оқушылардың жалпы орта білім алуын қамтамасыз етеді. Мектеп-интернатты материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жағдай жасау, жарақтандыру мен жабдықтауды балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. Интернатта тұру және тамақтану бойынша барлық шығындар мемлекет есебінен болады, бұл әр баланың кепілдендірілген тегін білім алу құқығын іске асыруға мүмкіндік береді. 
Следующая →