Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +34°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +31°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +27°
$
450.79
-0.59
482.21
-5.01
¥
62.14
-0.10
5.05
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Жармада мәдениет ошақтары жөнделіп жатыр

Биыл аудан, ауылдарға ерекше көңіл бөлініп, бірқатар ілкімді істер қолға алынған. Мәселен, ауылдардағы ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген мәдениет ошақтары жаңартылып, тіпті, мәдени шаралар өтетін арнайы орны жоқ жерлерде жаңа ғимараттар бой көтеріп жатыр

Жарма ауданындағы Жаңғызтөбе кентінде көп жылдар бойы мәдениет ошағы болмаған. Былтыр жергілікті әкімдік осы мәселеге мән беріп, мәдениет үйіне қолайлы ғимарат сатып алынған болатын. Тиісінше құрылысқа қажетті құжаттар әзірленіп,  таяуда облыстық бюджеттен қаржыландырылыпты. 
- Бүгінде ғимаратты қайта жарақтау жұмыстары қарқын алды, - дейді аудан әкімі  Ахметқали Нұрғожин. - Яғни, жаңа кейіпке енетін 100 орынға арналған мәдениет ошағы теміржолшылар кентінің басты қоғамдық,  мәдени шараларының отауы болады.
Осы орайда айта кетейік, Глубокое ауданындағы мәдениет үйлері де биыл жөндеуден өтеді. Аудан басшысының айтуынша, Глубокое ауданында 15 мәдениет үйі бар екен. Олардың бірқатары 10-15 жылдан бері жөндеу көрмепті. Әсіресе, ғимараттың шатырларының әбден тозығы жеткен.
- «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында он мәдениет үйіне және бос уақытты ұйымдастыру орталықтарына қаражат бөлінді. Предгорное, Малубинка, Черемшанка, Прапорщиково ауылдарында және Алтайский кентінде жұмыстар толығымен аяқталса, қалғандарында жұмыс жалғасуда, - дейді Ерлан Аймұқашев.
Дәл осы бағдарлама аясында Абай ауданында да 29 жоба жүзеге асырылуда. Аудан әкімдігі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, жобалардың басым бөлігі Қарауыл ауылында (12 жоба) қолға алынған.   
- Бағдарлама аясындағы маңызды жобалардың бірі Қарауыл ауылындағы Абай аудандық мәдениет үйінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу болатын, - деп мәлімдеді аудан әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. - Себебі аудандық мәдениет үйі – халық ең көп жиналатын жер. Бұл халықтың мәдени-рухани кемелденетін және жастарымыздың бос уақытын тиімді өткізетін бірден-бір орын. Сондықтан мұндай нысандарға күтім ауадай қажет.   Бүгінгі таңда үлкен концерттік залына ақтау, сырлау жүргізіліп, еденіндегі ковроландары алынып, ламинатқа ауыстырылды. Ғимараттың екінші қабатының  кафелдері толықтай жаңартылды. Ақтау, сырлау, бояу жұмыстары жүргізіліп, бөлме түсқағаздары ауыстырылды. Аудандық мәдениет үйіне жасалған жұмыстар көпшіліктің көңіліне қонатындығына күмән жоқ.

Следующая →
Тақырыптар: Жарма ауданы