Мас жүргізуші Өскеменде ер адамға қауіп төндірді
35 жастағы қала тұрғыны "Мazda" көлігіне мас күйде ғана емес, сонымен бірге жүргізуші куәлігінсіз отырған
1 тамызға қараған түні 102-ге Высоковольтная көшесінде болған апат туралы хабарлама келген. Сол жерде Мazda Lada көлігімен соқтығысқан. Өскемен қалалық полиция бөлімінің мәліметінше, жапондық көліктің жүргізушісі мас күйде болған. Сонымен қатар, осы жылдың қаңтарында ер адам жүргізуші куәлігінен айырылған екен.
Следующая →
- Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы "Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық күйінде болған адамның көлік құралын басқаруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. - Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамалып отыр.