Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
28 жастағы әйел өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, тұтынушылардың карталарынан ақшаны өзінің шотына аударған
- Тергеу барысында 4 миллион 500 мың теңгеден астам сомаға арыз берілді, - деді Шығыс Қазақстан облысы полиция басқармасының басшысы қызметін уақытша атқарушы Жанболат Қалетаев. - Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-тармағы, 3-бөлігі (бірнеше рет жасалған ұрлық) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-тармағы (қызметтік жағдайын пайдаланып бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жұмыстары аяқталып, сотқа жіберілді.