Өскемен полицейлері өзенде көлік жуған ер адамды ұстады
Облыс орталығының Полиция басқармасынан хабарлағандай, 24 шілде мен 30 тамыз аралығында "Таза Қазақстан" кең ауқымды жедел алдын алу шарасы өткізілуде
30 шілдеде Өскемен тәртіп сақшылары ер адамға ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және бүлдіру" бойынша ескерту жасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Себебі, құқық бұзушы өз көлігін өзен жағасында жуған. Егер алдағы жыл ішінде ол тағы да өз көлігін су қоймасында жууды шешсе, онда оған 30 АЕК (83340 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.
Следующая →
Себебі, құқық бұзушы өз көлігін өзен жағасында жуған. Егер алдағы жыл ішінде ол тағы да өз көлігін су қоймасында жууды шешсе, онда оған 30 АЕК (83340 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді.