ШҚО-да адамдардың қайықпен аударылып қалуы жиілеген
ТЖД құтқарушылары дабыл қағуда: өңірде қайықтың аударылып қалу жағдайлары жиілеген
1 тамызда Семей қаласының жедел құтқару бөлімшесіне қайықтан аударылып қалған адамды құтқаруға көмек сұрап жас жігіттер хабарласқан
Жігіттер моторлы темір қайықпен жүзіп жүрген, үстінен секіріп суға түскен. Бірақ қайық аударылып қалған. Екі адам жағаға жүзіп шықса, үшіншісі назардан жоғалып кеткен. Дереу жеткен құтқарушылар қайық аударылған жерден 150 метр жерден жағаға жүзіп жеткен жігітті көрген. Ол көмекке мұқтаж емес еді. Жігіттер құтқару желеттерін киіп алғандықтан қайғылы оқиға орын алмады.
Екінші жағдай Бұқтырма су қоймасында орын алған. Жақындары қайықпен су бетіне жүзіп кетіп, ұзақ уақыт бойы қайтып оралмаған ер адамды іздеуге көмек сұрап хабарласқан. Ер адам ақыры табылды.
Құтқарушылар су көлігінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді.
Тыйым салынады:
Егер құтқару құралдары болмаса, орыннан да қозғалуға рұқсат жоқ.
Следующая →

- жарамсыз қайыққа отыруға;
- қайыққа отырарда бортқа сүйенуге;
- борттан сүңгуге және қайықты тербетуге;
- бортта отыруға;
- қайыққа көп салмақ салуға;
- ауа райының қолайсыз кезінде қайықпен су бетін шығуға. Түнде де су бетіне шығуға болмайды.