Шығысқазақстандық Қызыл кітапқа енген жануардың мүйізін сақтаған
Мұны Зайсан полиция бөлімінің тәртіп сақшылары 2017 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейд кезінде анықтады
Қызыл кітапқа енгізілген маралдың мүйізін ШҚО тұрғыны жазғы жайылымда ұстаған. Оны сақтауға рұқсат беретін құжаттар ер адамда болған жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күдіктінің өзі маралдың мүйіздерін сату үшін жинағанын айтты. Қазір олар тәркіленіп, Зайсан орман шаруашылығына тапсырылды.
Следующая →
- Зайсан ауданының тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы 1-бөлігі бойынша - жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін заңсыз сақтау туралы әкімшілік хаттама жасалды, - деді ШҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Жанболат Калетаев.
Күдіктінің өзі маралдың мүйіздерін сату үшін жинағанын айтты. Қазір олар тәркіленіп, Зайсан орман шаруашылығына тапсырылды.