Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Ауылдарға ауызсу тартылуда

Биыл Зайсан ауданынна қарасты бірнеше елді мекендер орталықтандырылған ауызсумен қамтылмақ

Бұл туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Нұрдумбаев мәлім етті.
- Қазір ауданға қарасты бірнеше ауылға ауызсу тарту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, Қосқора, Жіңішке су, Ақарал және Шүршітсу ауылдары. Жергілікті тұрғындар арасында бұл мәселе айтылған. Көп ұзамай бұл мәселе шешімін табады, - дейді Бауыржан Нұрдумбаев.
Оның айтуынша, Зайсан ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде 4 жоба іске асырылып жатыр екен.
- Елді мекендерде 4 жоба іске асырылып жатыр. Айнабұлақ ауылының тоғыз шартты көшесіне ауызсу тарту, Бақасу, Тасбастау және Жарсу ауылының су құбырлар желісін жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары Жарма ауданында да қарқынды жүргізілуде. 
- Биыл ауданымызға қарасты Аршалы, Батыр Қапай, Кіші қарасу және Шар қаласы сынды бірнеше елді мекендерде су құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Келешекте Сұлусары ауылына таза ауызсу тартылады, - дейді Жарма ауданы әкімінің орынбасары Айдар Ибраев.
Следующая →
Тақырыптар: зайсан ауданы