Жасотандықтар Өскемен қаласының тұрғындарына үш жүз медициналық маскаларды таратты
Бұл - халық арасында бетперделерді тегін таратудың үшінші акциясы. Мұндай игі іс апта сайын өткізіліп тұрады
"Жас Отан" жастар қанатының еріктілері "Красный полумесяц" ұйымының қызметкерлерімен бірігіп, қала тұрғындарына әлеуметтік қорғау құралдары мен COVID-19-ға қарсы іс-қимыл туралы ақпарат жазылған парақшалар сыйлады.
Бұл жолы акция Арбатта өтті. Еріктілер 300 жеке қорғаныс құралдарын таратты. Акция басталғаннан бері Өскемен көшелерінде қала тұрғындарына 2000 медициналық маска тапсырылды.
Аталмыш іс-шараның мақсаты - шектеу шараларына байланысты азаматтардың қоғамдық орындарда қауіпсіздігін қамтамасыз ету, карантин кезеңінде олардың ақпараттық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыру.
Следующая →