Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Қоқыс тазартылмағалы бір апта болды

Демалыс күндері қала тұрғыны әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 34/1 мекенжайының ауласындағы қоқыс жәшігінің әбден толып, сыймай, шектен тыс шашылып жатқаны туралы видео жариялаған болатын. Біз де барып көріп қайттық

Шашылған қоқыс қоршауынан асып недәуір жерді алып жатыр екен. Егеуқұйырық, қарға, кептер сынды құстар мен жәндіктер қоқысты мейлінше шашып тастаған. Баяу соққан желмен бірге тараған күлімсі иіс төңірекке тарап жатыр. Шамасы бұл жердің тазаланбағанына 3-4 күн болған сыңайлы. 

- Қоқыстың жиналмағанына бір апта болды. Бұл жағдай бүгін ғана емес, үнемі қайталанып отырады. Тіпті қыс айларында бір айға дейін жатады. Желді күндері шашырап, ауламыз қоқысқа толып қалады. Қолқаны қабар жағымсыз иіс үшін кешке бала-шағамызбен аулада да жүре алмаймыз. Қала әкімінен қазір елде індет өршіп тұрған кезде тазалық шараларын күшейтуін талап етеміз. Мына жерде шашылған тамақтарды жеген құстар да ауру таратуы әбден мүмкін. Пәтер иелері кооперативіне ай сайын ақшамызды уақтылы төлеп отырамыз. Олар еш жұмыс істемесе, біз не үшін ақша төлеуіміз керек, - дейді қала тұрғыны Дастан Мұратов.
Қалада бұдан тыс 30 -шы гвардияшылар дивизиясы көшесі, 8 үй мен Тимирязева 179в  үйінің алдында да дәл осындай жағдай, қоқыс жәшігі тазаланбаған. 
- Қоқыс шығаратын компаниялардың пәтер иелері кооперативімен жасасқан келісімдерінде негізі тек қана қоқыс жәшігін тазарту міндеттелген, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ бөліміндегілер. - Яғни, бокс айналасында жатқан тұрмыстық қалдықтар мен жиһаз, сенбіліктерден қалған шөп, бұталарды жинап алуға міндетті емес. Ондай қалдықтарды шығару үшін ПИК өзіне қызмет көрсететін коммуналдық компаниялармен немесе басқа да жеке тұлғалармен қосымша келісуі керек. Былай айтқанда оның барлығын ПИК ұйымдастыруы қажет.
Осы орайда пәтер иелері кооперативіне барып мән-жәйды сұраған едік. Өкінішке қарай, олар қоқыс жәшіктерін тазалау біздің құзіретте емес дейді.   
- Біз тек ауладағы және жертөлелерде шашылған қоқыстарды ғана тазалаймыз. Ал қоқыс жәшігіндегі қоқыстар бізге еш қатысы жоқ, - дейді «Айжан» пәтер иелері кооперативінің қызметкерлері.
Тұрғындар жауапты мекеменің жауапсыздығына наразы. Қоқыстың әлі қанша тұратыны да білгісіз. 
Следующая →