Өскеменде бойжеткен баланың самокатын ұрлап кетті
Қаскүнем 22 шілде күні кешкісін қала саябақтарының бірінде бөтен мүлікті иемденгісі келген
Алдын ала мәліметтер бойынша, бойжеткен саябақта қалдырылған самокатты алып кеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мұны балалар алаңында ойнаған самокат иесі - бала байқаған. Бала ата-анасына шағымданған, бірақ бойжеткен бұл уақытта ізін суытып үлгерген. Зардап шеккендер полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді.
Өскемен қаласының полиция басқармасында тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен 26 жастағы қаскүнемді құрықтады және мүлікті заңды иелеріне қайтарғанын хабарлады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге 1000 АЕК (2 миллион 778 мың теңге) дейін айыппұл, түзеу жұмыстары, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы тағайындалуы мүмкін.
Следующая →