Ақысын төлесе, жұмыс тауып беруге уәде еткен
Әскери бөлімдегі жақсы жұмысқа кіргізу үшін алаяқ әйел сенгіш қыздан 700 мың теңге алыпты
22 жастағы жәбірленуші уәделескен бос орынды күтпей, алданғанын түсініп, полиция қызметкерлеріне жүгінген. Қыз құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне осы жылдың мамыр айында аздап қана таныс әйел қомақты сыйақыға оны әскери бөлімге қызметке орналастыруға уәде еткенін айтқан. Сеніп қалған аңқау қыз еш ойланбастан өзінің жиған-тергенін әлгі әйелге беріпті. Ақшаны алған ол хабарсыз кеткен.
Полиция дереу күдіктіні жедел іздестіру шараларын бастады. Көп ұзамай алаяқ табылып, әшкереленді. Оның 42 жастағы әйел екені анықталған. Жауап алу кезінде ол қызды алдағанын мойындады. Ақшаның бір бөлігін өз қажеттіліктеріне жұмсаған әйел қалған ақшаны жәбірленушіге қайтарған.
Енді жалған жұмыс берушіге 1 000 АЕК (шамамен 2 миллион 700 мың теңге) айыппұлды екі жылға бас бостандығынан айырғанға дейін төлеу міндеттелді.
Следующая →