Курчатов тұрғыны ішімдік сатып алу үшін екі велосипед ұрлаған
Тәртіп сақшылары бұрын сотталған 26 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді
Маусым айының соңында Курчатов қаласының полиция бөліміне бір түнде екі велосипед ұрланғандығы туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. ШҚО ПД ақпараты бойынша, жалпы шығын көлемі 50 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотталған 26 жастағы қала тұрғыны жұмыссыз болып шықты. Ұрланған велосипедтер иелеріне қайтарылды.
Ведомстводан хабарлағандай, жауап алу кезінде ер адам ұрлық жасағанын тмойындаған. Қаскүнем кіреберістен велосипедтерді шығарып, ұрлаған.
Следующая →

- ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жас жігітке екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру қауіпі төнуі мүмкін, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.