ШҚО-да денсаулыққа ауыр зиян келтірген күдікті полициядан жасырынып жүрген
Бір жарым жылдан кейін Зайсан ауданының тәртіп сақшылары 52 жастағы қаскүнемді тауып, Алматы облысында қолға түсірген
Ер адамға 2018 жылдың қараша айында іздеу жарияланды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Оған ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Следующая →
- Сотқа дейінгі тергеу барысында қаскүнем құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. - Зайсан ауданының полицейлері құқық бұзушының тұрған жерін анықтап, оны ұстады. Қазіргі уақытта ер адам Алматы облысының Түрксіб аудандық полиция бөліміне уақытша ұстау изоляторына қамалды.