2020 жылдың басынан бері Шығыс Қазақстанда 28 адам суға кетті
Соңғы кезде облыс су айдындарында адамдар көп қаза табады, тек 1 маусымда суға түсу маусымы басталысымен, 16 адам суға кеткен, олардың алтауы балалар
Салыстыру үшін 2019 жылдың барлық шомылу кезеңінде 29 адам қайтыс болды, оның ішінде бес кәмелетке толмаған жандар бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД ақпаратына сүйенсек, бүгінде Семейде су апатынан алты адам қаза тапты. Өскеменде, Алтай және Глубокое аудандарында екі адамнан суға кетті. Бородулиха, Ұлан, Үржар, Зайсан аудандарында бір адамнан мерт болған. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері - жүзе алмау немесе өз күшін дұрыс бағаламау, балаларды қараусыз қалдыру және алкогольдік мас болу. Барлық оқиғалар суға шомылуға жабдықталмаған жерлерде орын алды.
Суға шомылу кезеңінде су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ерекше бақылауда және маусым аяқталғанға дейін жалғасады.
Следующая →

- Су айдындарының жанында демалу кезінде өзіңізге және туған-туысқандарыңызға абай болыңыз. Балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет, олар қайғылы оқиғаларға жол бермейді, - деді ШҚО ТЖД бастығының м.а. Дмитрий Титов облыс тұрғындары мен қонақтарына.Сондай-ақ, ведомствоның мәліметінше, қоғамдық ведомстволық құтқару бекеттерін дайындау жүргізілуде. Барлығы 132 құтқарушы дайындалды, 53 қоғамдық бекет қойылды, 48 акватория тексерілді. Балық аулау кезінде халықтың қауіпсіздік ережелерін сақтауы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізумен екі рейд өткізілді. Алакөл көлінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төрт адамнан тұратын құтқарушылар жұмысы ұйымдастырылды.
Суға шомылу кезеңінде су айдындарында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ерекше бақылауда және маусым аяқталғанға дейін жалғасады.