Семейде жол жөндеу жұмыстарына 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді
Қаланың орталық көшелері, жергілікті және облыстық маңызы бар жолдар жаңа келбетке ие болады
Биыл Семейде жолдарды жөндеуге қалалық бюджеттен 1 миллиард 359 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай әуежайдың маңайы көркейтіліпп, көгалдандырылды: кіреберіс жол жөндеуден өткізіліп, жол таңбаларын жасалып, жаяу жүргіншілер жолын жөнделіп, орындықтар орнатылып, 70 шырша мен глдер отырғызылды, - деді Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Серғазинов. - Аталған жұмыстарға 104 миллион теңге жұмсалды.Қалада сол жағалаудың 11 көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды, оң жағалау көшелері мен жергілікті, облыстық маңызы бар трассаларда жұмыстар жүргізілуде. Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тағы 15 көше абаттандырылады. Барлық жұмыстар суық түскенге дейін аяқталуы тиіс.