Шығыс Қазақстанда белгісіз біреу көлігімен адам қағып, тайып тұрған
Түрлі жарақат алған семейлік азамат ауруханаға жеткізілді
Тәртіп сақшыларына көрген-білгендерін айтқан куәгерлердің сөзіне сүйенсек, 12 шілде күні Семейдегі Сәтпаев көшесінде белгісіз біреу жол жиегінде кетіп бара жатқан 63 жастағы қарияны көлігімен қағып кеткен.
Бірақ жүргізуші тоқтамастан тайып тұрған көрінеді. Ал оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары автокөлік іздерін таппаған. Қария қалалық аурухананың тарвматология бөліміне жатқызылды.
Следующая →
Бірақ жүргізуші тоқтамастан тайып тұрған көрінеді. Ал оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары автокөлік іздерін таппаған. Қария қалалық аурухананың тарвматология бөліміне жатқызылды.
- Жүргізушіні анықтау бойынша жедел тергеу шаралары жүріп жатыр. Осы оқиғаға қатысты айтары бар азаматтар болса, 102 нөміріне қоңырау шалуларын сұраймыз, - деп атап өтті ШҚО ПД баспасөз қызметі.Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.