Қария өрттен екі көршісін құтқарды
11 шілде күні сағат 20.00-де Славский жағалауындағы үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты
Түтіндеген пәтерде әйел мен оның 31 жастағы ұлы болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Көрші тұратын 63 жастағы Павел Волков оларды оятып, бөлмеден шығарған.
Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, құтқарушылардың келуін күтпестен Павел Волков балкон арқылы пәтерге кіріп, өртенген матрасты сумен сөндірді.
Құтқарушылардың болжамынша, өрт отты абайсыз қолданудан пайда болуы мүмкін.
Қалалық ТЖБ-да атап өткендей, 63 жастағы көрші – ҮМЗ "АҚ бериллий өндірісінің" №1 цехының аппаратшысы.
Следующая →