Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО полицейлері бірнеше дәріханаларда жоғары бағаны тіркеді

Тәртіп сақшылары фармацевтикалық орындар бойынша рейд жүргізіп, медициналық дәрі-дәрмектерге негізсіз баға берген бірқатар жеке және заңды тұлғаларды анықтады

Полицейлер дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецептісіз және бірнеше есе жоғары бағамен сатқан Өскемен мен Семей қалаларындағы алты дәріхананы анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Сонымен қатар, медициналық дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактісі анықталды.

- Бақылау сатып алу барысында, мысалы, фармацевт "Трамадолды" жоғары бағамен сатқаны анықталды, - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев. - Дәрі дәрігердің рецепті болған жағдайда беріледі. Сонымен қатар, фармацевт препараттардың үлкен бөлігін үйде сақтаған.

44 жастағы әйелдің тұрғылықты жерін тексеру кезінде тәртіп сақшылары 2,5 мың "Трамадол" пластинасы мен 190 "Тропикамида" құтысын тәркіледі.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, барлық жағдайлар бойынша материалдар ШҚО Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.
Следующая →