Өскемен
Қалың бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    +1°
  • Алматы
    +7°
  • Риддер
    +9°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Ақтау
    +12°
  • Атырау
    +17°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +4°
  • Қызылорда
    +12°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +9°
  • Түркістан
    +19°
  • Орал
    +5°
  • Шымкент
    +18°
$
482.53
+0.70
555.44
-1.36
¥
69.83
+0.07
5.92
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Өскемендік дәрі-дәрмектерді заңсыз қымбатқа сатқан

ШҚО полиция қызметкерлері медициналық дәрі-дәрмектерді заңсыз сататын облыс орталығының 45 жастағы тұрғынын ұстады

Ол "Парацетамол", "Антигриппин", "Аспирин", "Назоферон" және "Генферон" сияқты дәрі-дәрмектерді қаланың әр түрлі дәріханаларынан жарты миллион теңгеге сатып алған. Кейін оларды бес есе қымбат сатқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тексеру кезінде тәртіп сақшылары медициналық дәрі-дәрмектер мен "кәсіпкер сымақтан" түскен ақша қаражатын тауып, тәркіледі.

- Егер ол "Парацетамолды" 100 теңгеден сатып алса, оны 500 теңгеден сатқан, антибиотиктерді бірнеше есе қымбат сатқан, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Сондай-ақ, полицейлер Риддерде дәрі-дәрмектерді заңсыз сату фактісінің жолын кесті.

Жергілікті тұрғын үйде дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатумен айналысқан. Атап айтқанда, дәрі-дәрмектерді әлеуетті клиенттерге тек қараңғы уақытта сатқан.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, барлық анықталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға береді.

Тәртіп сақшылары дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға тап болған азаматтарды 102 арнаға немесе жақын жердегі полиция бөліміне хабарлауға шақырады.


Следующая →