Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Күршімнің қарбызына жетпейді

Ерте піскен қауын-қарбыздың зияны қандай?

Өңіріміздегі базарларда маусымның ортасынан бастап қауын-қарбыздар сатыла бастады. Дөңгелек, әдемі қауын мен дүңкиген қарбызды қойып, картобы мен қияры енді ғана гүлдей бастаған біздің шығысқа ерте пісіп, жетілген қауын-қарбыз қайдан келіп жатыр? Тұтынушы денсаулығына кесірі бар ма?

Сатушылардың айтуынша, қазіргі қауын-қарбыздардың барлығы оңтүстік өңірлерден, атап айтқанда, Шымкенттен, Шардара, Сарыағаштан әкелінген. Қарбыздың келісі 130 теңгеден бастап, 180 теңгеге дейін сатылады. Қауынның келісі 400-450 теңге. Қымбат, әрине. Бірақ адамдар сатып алып жатыр. 
- Шымкент жақтың көктемі ерте шығады ғой, күні ыстық, қауын-қарбызы тәтті, - дейді сатушы Ләйла Ержанқызы. - Өзіміз де жеп жүрміз. Дәмін көресің бе? Сатып тұрғаныма он күннен асты. Денсаулығына шағымданып ешкім келген жоқ.
Татып көрдік. Тәтті. Алайда тамыздың басындағы қауын-қарбыздың дәміне жетпейді екен. Өзі тәтті, бағасы қымбат болса, сапасы қандай? Мамандар не дейді?
- Аймағымызда сатылымға шығарылған көкөністердің барлығы зертхана мамандарының қадағалауынсыз саудаға шығарылмайды. Сатушылардың барлығы дерлік жеміс-жидекті Өскемендегі "Дина" базарынан сатып алады. Сондықтан сол жерде бау-бақша өнімдері арнайы зертханада тексеруден өткізіледі. Оңтүстіктен келіп жатқан қауын-қарбыздардың құрамында нитрат пен пестициттердің бар-жоғы зертханада анықталады және қажетті құжаттар толтырылады. Содан соң ғана тұтынушыға жөнелтіледі, - деп жауап берді Шығыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметкері.
Мамандардың айтуынша, нитрат - барлық тірі ағзада кездеседі. Табиғатта құрамы нитратсыз бірде-бір өнім жоқ. Ол адам ағзасына 70%-ы көкөністерден, 20%-ы судан, 6%-ы ет пен консерві өнімдерінен түседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бекіткен ережесінде ағзаға тәулігіне дене салмағына 5 мг нитрат жеткілікті. Яғни, орташа салмақ 70 кг болса, тәулігіне 350 мг нитрат болады. Егер адам ағзасына бір күнде 600-700 мг нитрат түссе, ересек жанның өзі уланады. Жалпы, ең жылдам өнетін сұрыптардың өзі шілде айының соңына қарай піседі екен. Ал қарбыздың нақ піскен уақыты - тамыз айының соңынан бастап қазан айына дейінгі кезең. Көбі жаздың ыстығында шөлін қарбызбен қандыратыны анық. Қарбыз және қауындарды таңдау кезінде қателеспес үшін ең бірінші заңсыз ұйымдастырылған базарларда сауда жасамауға тырысу керек.

Сондай-ақ, сатып алушылар қауын-қарбыздың үлкендігіне немесе сырт кейпіне қызығып ала салмаулары шарт. Таңдап, талғап алу - міндет. Кәнігі қарбызшылардың айтуларынша, піскен қарбыздың бүйірінде сарғыш дақтар болады екен. Піскен қарбызды шертіп көрсеңіз, құмығыңқы дыбыс шығады. Қабығы да жылтырап тұрады. Ал қауынның сабағы қалың болады. Піспеген қауынның сол тұстағы қабығы қатты болады. Бәрін айт та, бірін айт - бір тілімін кесіп, дәмін тату керек. Әрине, рұқсат етсе.

Осы орайда шілденің аяғында әбден пісіп, жетіліп, сатылымға шыққан айналайын Күршімнің қарбызы еске түсіп, сағындырады екен...
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Қарбыз Маусым