Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Асардың арқасында тағы бір үй бой көтерді

Жерлестері көпбалалы анаға үй салып берді

Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылындағы "Құрал" шағын микроауданының тұрғындарының көмегімен жалғызбасты ана - Гүлжан Оспановаға үй салынды.

Асар - ықылым заманнан бері көшпенді халықтың игі дәстүрлерінің бірі. Егер де отбасының немесе жеке адамның қандай да бір қиын, күрделі, машақаты мол шаруаларға шамасы жетпей бара жатса, онда ауыл-аймақ асарға жиналады. Келгендер өз еңбектері үшін ақы дәметпейді, үй иесі тек дәмді ас дайындап, дастархан жаюы тиіс.
- Гүлжан Оспановаға арналған тұрғын үй құрылысына ауданның қарапайым тұрғындары және "Барқытбел жастары" ұйымы, "Игі істер жастары" студенттік тобы қатысты, - деп хабарлады Тарбағатай ауданының әкімдігі. - Жергілікті полиция қызметінің, "Тамшы" балалар театрының және "Барқытбел-Несие" ЖШС-ның қызметкерлері де белсенді түрде көмектесті. Аудан басшылығы құрылыс техникасымен қамтамасыз етті.
Ұжымдасып жұмыс істеудің тағы бір үлкен көрінісі саналатын үрдіс батыс қазақтары тілінде "үме" деп аталады. Шөп шабу науқаны кезінде қыз-бозбаланың және әнші-жыршылардың жиналатынына байланысты "Үмеге келген үндемей қалмайды" деген мақал туған.
Следующая →