Шығыс Қазақстанда екі күн ішінде 10-нан астам мас жүргізуші анықталды
Енді жүргізушілерге ірі мөлшерде айыппұл, түзеу жұмыстары немесе бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр
Демалыс күндері Үржар ауданының Қабанбай ауылында полиция қызметкерлері құжаттарды тексеру үшін Mitsubishi Galant маркалы көлікті тоқтатты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Инспекторларда жүргізуші мас күйінде болған деген күдік туындады. Медициналық сараптама актісі болжауды растады. Сондай-ақ, 50 жастағы ер адамның бір жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Следующая →

- Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-ның 346-бабы 1-бөлімі "Жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйдегі адамның көлік құралын басқаруы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.Демалыс күндері полицейлер 14 мас жүргізушіні анықтады. Сондай-ақ, үшеуі автокөлік жүргізу құқығынан айырылған, 209 автокөлік иелері жылдамдықты асырып, 137 адам телефонмен сөйлескен. Жаяу жүргіншілер тарапынан бес жүзге жуық тәртіп бұзушылық тіркелген.