Өскеменде полиция қызметкерлерінен қашқан ұрыны жол белгісі тоқтатты
Түнде біреудің көлігін ұрлап, тәртіп сақшыларынан қашқан ұры рөлге ие бола алмай, жол белгісіне соғылды
Таңғы сағат 3:00 шамасында Өскемен қалалық полиция бөліміне Mitsubishi маркалы көліктің ұрланғаны туралы ақпарат жетті. Қалалық полиция бөлімі жедел қызмет орталығының қызметкерлері бірден жедел ұстап алу жоспарына кіріскен. Облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті қорғауды жүзеге асыратын барлық полиция қызметкерлеріне автокөлік ұрланғаны туралы нұсқау жіберілді.
Шығыс Қазақстан Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Согра кентіндегі аумақты қарау кезінде патрульдік полиция қызметкерлері бағдар бойынша ұқсас көлікті байқады. Көлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының тоқтау талабын елемеген. Ұрыны қуудың ақыры жол-көлік оқиғасымен аяқталды. Mitsubishi көлігінің жүргізушісі қуғыннан қашып, рөлге ие бола алмай, жолдың шетіндегі жол белгісіне соғылған. Көліктен секіріп түсіп, қуғыннан қашуға тырысқан ұрыны екі жақтан патрульдік полиция қызметкерлері ұстап алды.
Қазір көлік құралын заңсыз алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Следующая →