Алакөл көлінде ШҚО жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланы құтқарды
Матраста жүзіп жүрген 12 жастағы баланы жел соғып, жағадан алыс ағыспен алып бара жатқанда оны әйел адам байқаған, кейін ол бірден құтқарушылар көмегіне жүгінген
Құтқару жасағының қызметкерлері осы уақытта көлдің жағалау жиегін тексеріп жүрген. Сол кезде баланы шамамен бір шақырымға жел соғып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқарушылар балаға таяп барып, оны қайыққа ауыстырып отырғызып, жағаға алып келген.
Қуанышымызға орай, бәрі сәтті аяқталды.
Следующая →
ШҚО ТЖ Департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құтқарушылар балаға таяп барып, оны қайыққа ауыстырып отырғызып, жағаға алып келген.
Қуанышымызға орай, бәрі сәтті аяқталды.
- Сақ болыңыз және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз. Әсіресе балаларды қараусыз қалдырмаңыз, жалғыз шомылмаңыздар, - деп ШҚО ТЖД қызметкерлері демалушыларға жүгінеді.