Бес күнде ШҚО-да ҰБТ-дан 47 абитуриент шығарылды
Қазір түлектерге психологиялық көмек көрсетілуде, олармен кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіліп, елдегі колледждерге түсу мүмкіндіктері жайлы түсіндірілуде
Бес күннің қорытындысы бойынша түлектердің 44%-ы ҰБТ тапсырды, ал 47-сі ережелерді бұзғаны үшін залдан шығарылды. Оқушылармен психологиялық жұмыстар жүргізілуде.
10 ауданда ҰБТ толық аяқталды: Абай, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Бесқарағай, Бородулиха, Алтай аудандары, Риддер, Шемонаиха, Курчатов қалалары.
ҰБТ өтетін пунктілерде арнайы комиссия құрылған, медқызметкерлер мен полиция кезекшілік етуде.
Шығыс Қазақстан облысында тестілеу 31 маусымға дейін жалғасады.
Следующая →
10 ауданда ҰБТ толық аяқталды: Абай, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Бесқарағай, Бородулиха, Алтай аудандары, Риддер, Шемонаиха, Курчатов қалалары.
- 126 түлек түрлі себептермен ҰБТ-ға келген жоқ. Біреу тестілеуге қатысудан айнып қалса, енді бірі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыруды шешкен. Ал кейбірі қарулы күштер қатарына қызмет етуді ойлап, қаңтар кезінде ҰБТ тапсыру сертификатын пайдаланбақ, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.
ҰБТ өтетін пунктілерде арнайы комиссия құрылған, медқызметкерлер мен полиция кезекшілік етуде.
Шығыс Қазақстан облысында тестілеу 31 маусымға дейін жалғасады.