Риддердегі көпірді қашан жөндеп бітіреді
Қала тұрғындары Шаравка өзенін асып өтетін көпірге көңіл бөлінбегелі көп болғанын айтады
Бізге Риддер қаласының тұрғындары хабарласты. Олар Шаравка өзеніндегі көпірден өту мүмкін еместігін айтады
Осы мәселеге билік пен қоғам белсенділерінің назарын тартуға күш салып жүрген тек Елена емес. Тіпті, осы көпір үстімен өткендер видеоға түсіріп әлеуметтік желіде де жариялай бастады.
Біз Риддер қаласының әкімдігіне хабарластық.
Ал жаздың аяқталуына екі айдан сәл ғана ұзақ уақыт қалды.
- Мен ес білгелі осы көпір бірде-бір рет жөндеу көрмеген. Тек тұрғындар ғана өз күштерімен ара-тұра жөндеп тұрады, - дейді тұрғындардың бірі Елена. - Бірақ осы оқыс көпірмен саяжайға келушілер де, жергілікті тұрғындар да күнделікті жүруге мәжбүр. Ағаштары ескі, арасындағы саңылаудан бірнеше саусақ өтіп кетеді. Ағаш жақтаулары қалт-құлт етіп тұр.
Осы мәселеге билік пен қоғам белсенділерінің назарын тартуға күш салып жүрген тек Елена емес. Тіпті, осы көпір үстімен өткендер видеоға түсіріп әлеуметтік желіде де жариялай бастады.
Біз Риддер қаласының әкімдігіне хабарластық.
- Биыл көпірді жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінбеді. Бірақ 2020 жылдың жазында демеушілердің көмегімен жөндеу жұмысын жүргізу көзделеді, - деп мәлімдеді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Оралбеков.
Ал жаздың аяқталуына екі айдан сәл ғана ұзақ уақыт қалды.
Следующая →