КВИ жұқтырғандардың 20-сы Семей тұрғындары, 18-і өскемендіктер
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 48 адам ауру белгілерімен анықталды
Науқастардың ішінде 20 адам Семей қаласынан, 18 адам Өскеменнен, Бесқарағай, Абай аудандарында 4 адамнан, Көкпекті, Ұлан аудандарында 1 адамнан.
⠀
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
⠀
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
⠀
Эпидемиологиялық тергеу және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
⠀
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 555 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 172.
Следующая →
⠀
- Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 4 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 38 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 6 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды, - деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі.⠀