ШҚО-да жасөспірім қыз суға батып кетті
Глубокое ауданындағы Глубокое ауылында жасанды қазаншұңқырында суға түсіп жүрген 12 және 13 жастағы қыздардың бірі суға батып кеткен
Қыздардың суға батып бара жатқанын жақын маңда жүрген үш бала байқаған. Бірақ олардың өздері де 12-13 жастағы балалар екен. Бірақ олар өздері де бірден көмекке ұмтылып, сонымен қатар жедел жәрдем, полиция мен құтқарушыларды да шақырып үлгерген.
Мекеме ұсынған ақпараттарға сүйенсек, өткен жылғы көрсеткіштер бойынша бес бала суға батып кетсе, биыл әлден екі баланың ажалы судан келді.
Следующая →
- 12 жастағы қызды бірден құтқарып алған. Ал екіншісін су астына сүңги жүріп біраз іздеген. Дегенмен жағаға алып шығыпты. Бірақ ол жағаға шығарылғанда ес-түссіз жатқан екен, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Жедел жәрдем дәрігерлері оны ауруханаға жеткізгенімен, құтқара алмады.
Мекеме ұсынған ақпараттарға сүйенсек, өткен жылғы көрсеткіштер бойынша бес бала суға батып кетсе, биыл әлден екі баланың ажалы судан келді.