КВИ жұқтырған 35 адамның 11-і Өскеменнен
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 35 адам ауру белгілерімен анықталды
Науқастардың ішінде 20 адам Семейде, 11 Өскемен тұрғыны, 3 науқас Катонқарағай және 1 адам Ұлан ауданынан тіркелді.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 333 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 141.
Следующая →
- Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар Семей мен Өскемендегі 4 науқастан және Қатонқарағайдың 2 тұрғынынан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған тұлғалар ретінде алынған. Өз өтініштерімен ЖРВИ белгілерімен түскен 15 семейліктен, 9 өскемендіктен Қатонқарағай және Ұлан ауданының 2 азаматынан мониторинг жүргізу кезінде анықталған. Сондай-ақ, Семейдегі 3 науқаста профилактикалық тексеру барысында вирус жұқтырғаны белгілі болған, - деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.