Көлікті оқыс жүргізетін бозбалаға айыппұл салынды
20 жастағы Toyota Camry жүргізушісі Сәтпаев даңғылымен келе жатып қарсы жолаққа шығып кеткен
Қала тұрғындарының көмегімен заң бұзған жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапқа тартылды.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жол жүру ережелерін бұзған жүргізуші 2000 жылғы бозбала.
Материал Өскемен қалалық әкімшілік сотына жолданды.
- Сәтпаев даңғылы бойымен тағы біреу заңды белшесінен басып өтті, - деп жазды Өскемен қалалық Полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында. - Бейнежазбадан байқалып тұрғандай, ережеге елемеген жүргізуші "Көгалдандыру" аялдамасы маңында қарсы жолаққа өтіп кетті. Осылайша ол өзіне де, өзге жүргізушілерге де қауіп төндіріп отыр.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жол жүру ережелерін бұзған жүргізуші 2000 жылғы бозбала.
- Полиция қызметкерлері заңбұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырды, - деді Даур Ибраев.
Материал Өскемен қалалық әкімшілік сотына жолданды.
Следующая →