Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +18°
$
443.72
+0.28
482.28
+1.77
¥
61.35
-0.01
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Алтайда коронавирус жұқтырған адамдар туралы мәліметтер белгілі болды

Науқастардың арасында шекарада ПТР анализін тапсырып өтіп, туыстарына қонаққа келген Ресей азаматы бар

Естеріңізге сала кетейік, Алтайда үш күнде коронавирустық инфекцияның төрт жағдайы расталған еді. Олардың алғашқысы Октябрьское ауылында Өскемен қалалық ауруханасына жоспарлы түрде жатқызу үшін тексергенде анықталды.

Аудан орталығында тағы екі жағдай тіркелді. Жедел респираторлы вирустық инфекциялар белгілерімен ауруханаға барған науқасқа коронавирус диагнозы қойылды және байланысқан адамдарын тексеру кезінде тағы бір науқас анықталған.

Ал тізімдегі ең соңғысы - Алтай ауылындағы туыстарына қонаққа келген Ресей Федерациясының азаматы. Шекарада бүкіл отбасын ПТР анализін тапсырып өткен, олардың біреуінен коронавирус ауруы анықталды. Науқас сол кезде ауылда болғандықтан, онымен байланыста болған барлық адамдармен бірге оқшауланды.

Қазіргі уақытта мамандар инфекция жұққан 3 адамды 46 жақын, 33 ықтимал байланысқа шыққан адамдармен бірге назарларында ұстауда. Барлығы ПЦР анализін тапсырған. 

Следующая →