Есігін ашпай қойған қарияға құтқарушылар көмектесті
Үйде Семей қаласының 80 жастағы тұрғынының аяқ астынан хәлі нашарлап кетсе керек, зайыбы есік қаққанмен, ашпай қойған
Тіпті қоңырауға да жауап бермей қойған. Үрейі ұшқан жұбайы 14 маусым күні сағат 11.50-де құтқарушылардан көмек сұраған.
Құтқарушылар тек кішкентай балаларды ғана емес, қариялар мен мүгедек жандарды да қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.
Следующая →
- Оқиға орнына жеткен құтқаругылар 2-қабатта орналасқан пәтер терезесіне саты қойып, пәтер ішіне кірген. Сөйтіп, сыртқы есікті ішінен ашып берген, - деп мәлімдеді Семей қалалық ТЖБ баспасөз қызметі. - Ал пәтер ішінде қалған 1940 жылғы ер адам өз еркімен төсектен тұра алмай қалған. Қарияны жедел жәрдем қызметкерлерінің қолына табыстады.
Құтқарушылар тек кішкентай балаларды ғана емес, қариялар мен мүгедек жандарды да қараусыз қалдыруға болмайтынын ескертеді.