ШҚО-да коронавирус жұқтырған тағы 10 науқас тіркелді
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам ауру белгілерімен анықталды
Науқастардың ішінде 5 адам Өскемен, 2 адам Семей қаласының, 2 адам Тарбағатай ауданының тұрғындары және 1 науқас Күршім ауданынан.
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
⠀
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 262 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 107.
Следующая →
- Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар Семей қаласындағы науқастардан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынған. Өз өтініштерімен ЖРВИ және пневмония белгілерімен түскен Өскемен қаласы мен Тарбағатай ауданы тұрғындарынан мониторинг барысында, ал Күршім ауданындағы науқас Түркістан облысынан келген мерзімді әскери қызметші есебінде тексеруден өтуде анықталған, - деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі. - Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.⠀